Голливуд жұлдыздары неге алаңдаулы?

19 наурыз, 14:30

Фото: google.com

Коронавирусқа байланысты  әлемде орын алған жаппай дүрбелеңге  Голливуд жұлдыздары да өз пікірін білдіріп, әлеуметтік желіде кеңестерін жазды.

Алматы, NEGE. Қауіпті індет дендеп кеткендіктен, барлық түсірілім жұмыстары тоқтап, актерлер үйлеріне карантинге жатқызылды. Себастиан Стэн желіге қолын жуған бейнежазбасын жүктеп, оның астына: «Өтінемін, өздеріңізді және айналаңыздағы жақындарыңызды ойлаңыз. Барлық сақтық шараларын сақтаңыз. Жиі қолдарыңызды жақсылап жуып жүріңіздер», - деп жазба қалдырған. Айта кетейік, актер эпидемияға байланысты Прагадағы фильм түсірілімін тоқтатып, АҚШ-қа кері қайтқан еді.

Стэн бастаған челленджді Арнольд Шварценеггер де жалғастырып, инстаграм парақшасына қолын мұқият жуып жүрген сәтін жүктеді. Өнер өкілі тазалықты сақтауға шақырды. Арнольдтың пікірінше, тәні саудың жаны ешқашан ауырмақ емес.

Джессика Альба да өзге әріптестерінен қалыспай, оқырмандарына ақыл-кеңесін айтып, қазіргі жағдайға байланысты алаңдайтынын жеткізді. Актриса жеке бастың гигиенасынан бөлек, дұрыс тамақтанып жүру керегін де тілге тиек еткен.

Коронавирустан қорықпай, оның алдын алу шаралары қандай болу керегін ескертіп, оқырмандары үшін уайымдап  жүрген Голливудтық жұлдыздардың ішінде Хью Джекман, Зак Брафф, Джеймс Ганн сынды танымалдар бар.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации