«Евровидение» байқауына Ресей елінің атынан кім аттанбақ?

04 наурыз, 11:24

Фото: instagram.com

«Евровидение» байқауына Ресейдің атынан жолдама алған үміткердің есімі анықталды. Осы уақытқа дейін аты аталған сайысқа бақ сынамақ болған қатысушылар  қызу талқыға түскен еді.  Биыл ресейліктердің намысын «Little Big» тобы қорғайтыны белгілі болды.  

Алматы, NEGE.  «Little Big» тобы «Berlin Music Video Awards», «Global Film Festival Awards» сынды халықаралық марапаттарды еншілеген. Ұжымның «Евровидение» байқауында қандай ән шырқайтындығы жақын арада белгілі болмақ.

Конкурсқа сондай-ақ, Германиядан Бен Долич, Украиндан «Go_A» аттанбақ. Биылғы «Евровидение-2020» байқауының мерейтойлық 65-ші маусымы 12-16 мамыр аралығында Нидерланд елінде өткізіледі.

Айта кетейік, «Little Big» тобының «Skibidi» туындысы арқылы танымалдылығы артты. Ғаламтор желісінде хитке айналған трек флешмобқа жалғасқан еді. Ал, аталмыш бейнебаян бір аптаның ішінде YouTube желісінде 23 миллион қаралым жинады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации