«Ерте ояндым, ойландым» қойылымы көрермен назарына ұсынылды

12 наурыз, 13:00

Фото: google.com

Павлодардың Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театры Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ерте ояндым, ойландым» қойылымын көрермен назарына ұсынды.

Алматы, NEGE.  Кезекті қойылымның оқиға желісі ақынның бала кезінен  есейген шағына дейінгі кезеңін қамтиды. Бала Абайдан ойшыл Абайға айналуына  түрткі болған көптеген  дүниелер көрініс  береді. Солардың бірі Қамқа мен Қодардың  тағдыры. Сол кездегі қоғамның болмысы, қақтығыстар  Абайдың  дүниетанымын өзгертеді. Қойылымды режиссер Әділет Ақанов сахналады. Абайдың рөлін театрдың жас актері Абзал Жақып сомдады. 

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации