Елордада қайырымдылық кеш өтеді

21 ақпан, 13:15

Фото: inform.kz

Алғыс айту күніне орай 28 ақпан күні  «Qazaqstan» концерт залында «Қазақстан» РТРК АҚ «Қазақ радиолары» ЖШС ұйымдастыруымен «Мың алғыс» дәстүрлі қайырымдылық кеші өтеді.

Алматы,NEGE. Игі шараға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады. Қайырымдылық кеште Майра Мұхамедқызы, Құрмаш Махан, Мирас пен Құралай, Әлішер Каримов, Қарақат Әбілдина, Өмірқұл Айниязов, Алтынай Жорабаева сынды эстрада жұлдыздары, «Ұлттық ұлан» сарбаздары, «Art Music» квартеті өнер көрсетеді. Концерттен түскен қаражат ауыр дертке шалдыққан жандардың еміне жұмсалады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации