1 ақпаннан бастап кинотеатрлар жабылуы мүмкін

09 қаңтар, 20:21

Фото: ғаламтордан

1 ақпаннан бастап еліміздегі кинотетарлар бірнеше айға жабылуы мүмкін. 

Алматы, NEGE. Оның басты себебі – фильмдердің прокатта болмауы. Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығы президентінің айтуынша, Голливудтың негізгі студиялары көктемгі премьераларды күзге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ал отандық киноөндірушілердің картиналары ақпаннан кейін жарыққа шығады.

Қазақстан кинотеатрлары иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудина: "Қазір прокатта 16 картина бар. Осы туындылардың арқасында кинотеатр жұмыс істей алар еді. Енді отандық киноөндірушілер оларды күзге қалдыруды жөн көрді. Ал ол кезде кинотетарлар жұмыс істей ала ма, ол да белгісіз. Продюсерлер өз ойларынан қайтып, бізді қолдап, туындыларды ертерек шығарса дейміз" деді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации