Эфиопияда қазақтың әні шырқалды

24 ақпан, 09:58

Фото: calend.ru

Эфиопияда Қазақстанның Елшілігі Абайдың шығармашылығын таныстырды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Аддис-Абеба университетінде Халықаралық ана тілі күніне арналған мерекелік шара өтті. Аталмыш шараға Ғылым және жоғарғы білім, Мәдениет министрліктерінің, БАҚ, Эфиопияның ғылыми және мәдени топтарының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері жиналды. Әртүрлі елдер өкілдері, оның ішінде Қазақстан да қатысты. Осы жылы қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында елшіліктің ұжымы оның шығармашылығының тұсаукесерін жасап, «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілінде орындады.

Шараның ресми бөлігі кезінде Эфиопияның Мәдениет пен ғылым және жоғарғы білім министрлері, Аддис-Абеба университетінің президенті және UNESCO өкілдері сөз сөйледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации