Джиган төртінші рет әке атанды

20 ақпан, 17:00

Фото: fashion-int.ru

Оксана Самойлова мен Джиган төртінші рет ата-ана атанды. Бұл жаңалықты өнер иесі инстаграм парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. 31 жастағы сәнбике хип-хоп орындаушыға үш қыздан кейін, шекесі торсықтай ұл сыйлады. Атұстарына «Дэвид» деп есім берген Джиган, ұлының кіндігін өзі кескен. Жеті жыл отауласқан  жұлдызды жұптың арманы ұлды болу еді. Бұл жайлы Оксананың өзі бір сұхбатында айтқан болатын. Олардың көптен күткен арманы орындалды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации