Джиган көпшіліктен сүйінші сұрады

19 наурыз, 14:56

Фото: google.com

Джиган Майамиде орналасқан Palm Beach оңалту орталығында емделіп жүргені белгілі. Қазіргі таңда оның өмірі ел назарынан тыс қалған емес. «Геттоның супер жұлдызы» деп жазба қалдырып, наша шеккен бейнежазбасын жариялаған украиналық танымал рэперге көпшіліктің өкпесі қара қазандай.

Алматы, NEGE. Джиган бір жарым аптадан бері ем қабылдап жүрген есірткіге тәуелділерді емдейтін орталықтан шыққанын хабарлап, инста оқырмандарынан сүйінші сұрады. Бірнеше күн бұрын өнер иесінің жұбайы Оксана Самойлова желідегі парақшасына «Мен балаларымның әкесін құтқаруым керек», - деп жазба қалдырған болатын.  Джиган адам болмайды деген ашулы жанкүйерлер болса, жағымсыз пікірлерді қарша боратқан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации