Димаштың жеке концерті Еуропаның бес қаласында жалғасады

13 наурыз, 11:14

Фото: google.com

Өнерімен әлемге танылған Димаш Құдайбергеннің Киевте өткен концерті аншлагпен өтті.  

Алматы, NEGE. Қазақ баласының Украина астанасында ұйымдастырылған жеке ән кешіне, көрермендер әлемнің түкпір-түкпірінен келген. Атап айтсақ, мұхит асып АҚШ, Канада, Жаңа Зеландиядан жанкүйерлері жиналған. Бұл қазақстандық әншіге деген ерекше құрметтің белгісі. Украина халқы жарты жыл тағатсыздана күткен Димаштың концерті жоғары деңгейде өтті. Сахна төрінде 2,5 сағат бойы жанды дауыста ән шырқап, тыңдармандарын қуантқан әншіні жергілікті халық осында қалуын да сұраған. Өнер иесі алдағы уақытта Еуропаның 5 қаласына барады. Ол Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Минск сынды алып шаһарларда қазақтың қара домбырасын күмбірлетіп, жанкүйерлеріне таңғажайып шоу сыйламақ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации