Димаштың концерті басталды

17 ақпан, 10:25

Фото: instagram.com

Димаш Құдайбергеннің Ресейдің Краснодар қаласында «Арнау» бағдарламасымен концерті өтті.

Баскет-холл залында өткен кеште ине шаншар орын болмаған. Әлем таныған Димаштың концертіне  Ресейдің басқа аймақтарынан да көрермендер жиналған.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі болғандай, Димаш  20 ақпанда Қазанда, 23 ақпанда Екатеринбургта, 7 наурызда Ригада, 9 наурызда Мәскеуде, 11 наурызда Киевте, 19 наурызда Гамбургте, 21 наурызда Дюсселдорфта, 23 наурызда Штутгардта, 25 наурызда Прагада, 4 сәуірде Минскте жеке концертін өткізбек.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации