Димаштың кезекті кеші аншлагпен өтті

10 наурыз, 13:47

Фото: google.com

Әлемге танымал әнші 2,5 сағат бойы өз жанкүйерлеріне жанды дауыста ән шырқады.

Алматы, NEGE. Димаш Құдайбергеннің Мәскеу төріндегі концерті аншлагпен өтті. Аренаға жиналған халықтың санында шек болмады. Осы уақытқа дейін Димаштың мәскеулік жанкүйерлері 9 наурызды тағатсыздана күткен еді. Кеш иесінің тыңдармандары ерекше әсер алып,  ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, енді қазақстандық жезтаңдай әнші Киев, Прага, Гамбург, Дюссельдорф сынды қалаларда жеке кешін беретін болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации