Димаш қайтыс болған жанкүйеріне ән арнады news video

21 ақпан, 11:10

Димаш Құдайберген ARNAU TOUR 2020 турнесінің аясында Татарстандағы "Татнефть Аренада" жеке концертін берді.

Алматы. NEGE. Әндерінің бірін Димаш кішкентайынан онкологиялық аурумен күресіп келген Лейсан Сейітназароваға арнады. Қыз Димаштың жанкүйері болған.  

2019 жылы Димаш қыздың ауруханасына барып, онымен кездескен еді. Себебі Лейсан қатты науқастанып, WorldSkills Kazan-ның жабылу салтанатына бара алмаған. Ол жұлдызды қонақтың осылай келетінін мүлдем білмеген. Лейсанның қуанышын ұйымдастырушылар айтып жеткізе алмаған еді. 

Лейсан Димашпен кездескеннен кейін 4 ай өткенде 21 жасында қайтыс болды. Ол қыздың арманын орындады. Әнші концертте оның есімін атап, «қарындасым» деген еді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации