Димаш коронавирустан қалай сақтанатынын айтты

26 ақпан, 14:48

Фото:

«Союзное вече» сайтының тілшісіне сұхбат берген Димаш Құдайберген «Арнау» тур концерті жайында және коронавирустан қалай қорғанып жүргені турасында ойын айтты.

Алматы, NEGE. «Концерт жаңа форматта өтеді. Қойылымы, режисурасы, бәрі басқаша болады. Өткен турдағыдан бөлек, жаңа әндер бар. Қазақ, қырғыз, орыс, ағылшын және француз тілдерінде» дейді Димаш.

«Қытайда көп өнер көрсетесіз, ол жақта миллиондаған тыңдарманыңыз бар. Коронавирустан қорықпайсыз ба?» деген сұраққа Димаш бүй деп жауап берді: «Жұқтырып алмау үшін бәрін жасап жүрмін. Маска киемін. Қытайдағы тыңдармандарыма денсаулық тілеймін, эпидемия тезірек тоқтаса екен. Олар үшін жаным ауырады. Қытайлық фанаттарым музыканы жан-тәнімен сүйеді. Менің концерттерім үшін бір қаладан екінші қалаға ұшып барады. Біз үлкен отбасы сияқтымыз».

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации