Данэлия Төлешованың АҚШ-тағы жеке концерті күзге ауыстырылды

30 наурыз, 16:20

Фото: google.com

Жас әнші Данэлия Төлешованың күні кеше АҚШ-тың Хьюстон қаласында алғашқы жеке кеші өтуі тиіс еді. Бірақ әлемде қауіп күшейіп тұрғандықтан, концерт күзге ауыстырылды. 
Алматы, NEGE. Өнерпаз Америка жеріндегі тұңғыш коцертіне дайындықты бірнеше ай бұрын бастап кеткен болатын. Шараның бағдарламасын қолға алған ұйымдастырушылар әлемдік деңгейдегі сақа мамандар. Енді олар күзде жоспарланған кешке үлесімізді қосамыз деп отыр.
«2018 жылы менің командам Данэлия Төлешованы SBS телеарнасындағы шоуға дайындады. Оның әншілік қабілеті америкалықтарды тәнті еткені анық. Майкл Джексон, Джордж Бенсон сынды кәсіби жұлдыздармен жұмыс істеген біздің команда еліміздің жас таланттарына қолдау көрсете береді», -дейді Нью-Йорк университетінің профессоры, әнші-композитор Диаз Мусаимов. Ал Америкалық продюсер Сандра Дакоста күз айында АҚШ-та Данэлияның концертін өткізуге айрықша үлесін қоспақ ниетте. Оның айтуынша, жанкүйерлер кейінге шегерілген концертті тағатсыздана күтіп жүр. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации