Данэлия Төлешова АҚШ-та кеш өткізеді

03 наурыз, 13:00

Фото: instagram.com

Данэлия Төлешова наурыз айының 29 жұлдызында АҚШ-тың Хьюстон қаласында шығармашылық кешін өткізеді, деп хабарлайды әншінің PR-директоры Татьяна Синенко.

Алматы, NEGE. Осы уақытқа дейін жас өнерпаз үлкен аренада шығармашылық кеш өткізуді мақсат еткен. Концертті ұйымдастыруға «Cypress Creek FACE» білім қоры мұрындық болған. Бұл қор талантты жастарды АҚШ сахнасына шығарумен айналысады.

«Концерт камералық залда өтеді. Мен, әрине, қобалжып тұрмын. Көрерменге танымал кавер әндерді орындаймын. Авторлық әндер де бар. Билли Айлиштің реперуарынан бірнеше ән болады», – дейді Данэлия Төлешова.

Бүгінде әншінің фан-топтары концерт билеттерінің суретімен бөлісіп жүр. Оған Германия, Канада, Польша елінен жанкүйерлер жиналады деп күтілуде.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации