Cерікбол Cайлаубек жалғызбасты анаға көмектесті

31 наурыз, 20:30

Фото:

Әнші Серікбол Сайлаубек жалғызбасты анаға көмек қолын созды. Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

Алматы, NEGE. Бес баламен далада қалған Ләзат Ерназарова осы уақытқа дейін отбасын асыраймын деп таңның атысы, күннің батысы ерінбей еңбек етіп келеді. Балаларының ертеңі үшін 18 сағат бойы көлік жуып, аз-маз ақша табуға мәжбүр болған ана тапқан табысының жетпейтінін айтады. Бауыр еті баласынан безген қатігез әке болса, ешқандай жәрдемақы да, көмек те бермейді екен. 
«Мен бес баланы ажырасам деп өмірге әкелген жоқпын. Үйден кеткенде ішімде 7 айлық кенже балам болды. Ел 1 сәуір күні бір-бірін алдап, әзілдесіп жүргенде мен бес баламен далада қалдым», - деп көзіне жас алды Ләззат Ерназарова.
Жалғызбасты анаға қол ұшын созған әнші Серікбол Сайлаубек көпбалалы анаға қолымнан келгенше жақсылық жасаудан аянып қалмаймын деп отыр.
«Көпбалалы отбасының үйіне келдік. Балаларыңызға қай жағынан көмек керек. Сол жағын өзіңіз айтсаңыз, көмек көрсетеміз», - деген әнші өнердегі әріптестерін игі іске қаржылай ат салысуға шақырды.
Ләзәттың Аяжан, Үсен, Нұрсәлим, Кәусәр, кенжесі Айсұлтан есімді баласы бар. 
Ол отбасымен пәтер жалдап тұрады. Көлік жуу бекетінің басшысы шағын ғана пәтерді арзан бағамен жалға беріп отыр. Лязат болашақта балаларына үлкен сенім артады. Балапандары аяққа тұрып, келешегі жарқын болсын деп тілейді. Ендеше, ананың үміті ақталап, жомарт жандардың көмегімен көпбалалы отбасы баспаналы болады деп сенеміз.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации