Бүгін белгілі режиссер Мәжит Бегалин 98 жасқа толар еді

22 ақпан, 18:00

Фото: kazakhfilmstudios.kz

Ақпан айының 22 жұлдызында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі кинорежиссер Мәжит Бегалин 98 жасқа толар еді, деп хабарлайды kazakhfilmstudios.kz

Алматы, NEGE. Бегалин Ұлы Отан соғысын қоса алғанда, көптеген қиындықтардан өтті. Ауыр жарақаттанғаннан кейін, әскерден оралып, Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факультетіне, Сергей Герасимовтың шеберханасына түседі.

Институтты бітіргеннен кейін Мәжит Бегалин бірнеше жыл «Мосфильмде» жұмыс істейді. 1949 жылы Алматыға оралып киностудияның көркемдік жетекшісі болып қызмет етеді. Ефим Дзиганның «Жамбыл» картинасында екінші режиссер болады. Оның алғашқы режиссерлік жұмысы 1955 жылы экранға шыққан «Это было в Шугле» картинасы. Сондай-ақ, режиссер «Его время придет», «Следы уходят за горизонт», «Мәншүк туралы ән», «Артымызда Мәскеу», «Дала күркірі» фильмдерін түсірген.

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мэтрдің туған күніне орай ресми youtube-арнасының фильмотекасын режиссер Болат Нүсімбековтың Мажит Бегалиннің өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндайтын «Жан тіл қатпай қала алмас кезде» атты деректі фильмімен толықтырды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации