«BTS» тобы топ жарды

25 ақпан, 13:30

Фото: instagram.com

Әлемге әйгілі «BTS» тобы үздіктер қатарында көш бастады. Корейлік бойзбенд жақында көптен күткен «Map Of The Soul: 7» туындысының тұсауын кескен еді. Үнтаспаның жарық көргені сол-ақ, жинақ дәл осы жылдың ең сатылымы жоғары альбомы атанды.

Алматы, NEGE. Жігіттер АРМИ назарына «ON» трегіне бейнебаян ұсынды. Америкалық әнші Сиямен бірге орындаған коллаборация, небәрі 3 сағатта ютуб платформасында 6 миллион қаралым жинаса, туындыны 3 күнде 73 миллион көрермен тамашалаған. Мемберлер үшін бұл жаңа рекорд.

Айта кетейік, «Map Of The Soul: 7» альбомы басы-қасы 20 тректен тұрады. Аталмыш жинақ «BTS» тобының 7 жылдығына арналған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации