Бред Питт пен Дженнифер Энистон қайта отбасын құра ма?

13 наурыз, 17:26

Фото: google.com

Шоу-бизнес әлемінде танымал жұлдыздардың жеке өмірі үнемі ел назарында. Осы уақытқа дейін Бред Питт актриса Дженнифер Энистонмен бірге көңіл жарастырып жүр деген жанкүйерлер тойдың күнін асыға күткен еді. Алайда, актер әлеуметтік желіде тараған алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды.

Алматы, NEGE. Бред Питт отбасын құруға әлі дайын емес. Бүгінде ол бойдақтық өмірін пайдаланып, мейрамхана мен көңіл көтеретін орындарда жиі төбе көрсетіп жүр. 56 жастағы актер «Дженнифер Энистонмен жұп болды» деп қуанған жанкүйерлердің де салы суға кеткен. Себебі, Питт соңғы сұқбатында басының да, жүрегінің де бос екенін ашық айтты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации