«Боксшы» фильмінде басты рөлді кім сомдайды?

18 ақпан, 11:00

Фото: instagram.com

Режиссер Ақан Сатаевтың Серік Сәпиевтің биографиясына негізделген «Боксшы» фильмінде басты рөлді сомдайтын актер таңдалды.

Алматы, NEGE. Олимпиада чемпионының рөлін жас актер Смадиар Сабыров сомдайды. Смадиар үшін бұл кино дебют болмақ.

«Құрметті достар, сіздерге арналған маңызды хабарландыруымыз бар! Ақан Сатаевтың «Боксшы» фильмінде басты рөлді сомдайтын актердың бекітілгенін жариялаймыз. Ол - Смадиар Сабыров. Сомдалатын образ күрделі және жауапты, актерден қарқынды физикалық дайындықты талап етеді. Смадиардың бокста үлкен тәжірибесі бар. Оған қарамастан, қазiр күн сайын тәжірибелі бапкермен бокстан жаттығу үстінде және актерлік шеберліктің қыр-сырын танып, маңызды рөлге дайындалуда», - деп хабарлады Sataifilm instagram-дағы парақшасында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации