Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды 

30 наурыз, 12:11

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Бүгін белгілі ақын, журналист Аманхан Әлімұлы бақилық болды. 

Алматы, NEGE. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Аманхан Әлімұлы қазіргі Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мәскеудегі Бүкілодақтық A.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Республикалық басылымдарда қызмет істеген. «Кездесу» (1983), «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарының авторы. 2019 жылы Арыс қаласының «Құрметті азаматы» атанған.

Nege.kz редакциясы ұжымы марқұмның отбасына, туған-туыстарына, әріптестеріне қайғырып, көңіл айтады. 

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации