Бекмамбетов жаңа жобаға кірісті

14 ақпан, 17:21

Фото: tass.ru

Режиссер Тимур Бекмамбетов алғашқы вертикаль форматтағы фильмінің түсірілімін бастамақ.

Алматы, NEGE. Кезекті картина Кеңес Одағының батыры, неміс тұтқынынан ұшақпен қашқан Михаил Девятаев туралы.

Бұған дейін Бекмамбетов Кино қорында жобасын қорғаған кезде, 1945 жылы неміс концлагерінен қашып шыққан ұшқыш туралы картинасын ұсынған болатын. Жоба Қордың қайтарымсыз қаржылық қолдауына ие болды.

«Бұл екі форматта түсірілетін алғашқы толық метражды фильм», – деп хабарлады жобаның баспасөз қызметі.

Соңғы уақытта screenlife форматында көп жұмыс істеп жүрген Бекмамбетов жақын арада түсірілімге кіріспек.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации