Бари Алибасов ауруханаға түсті

03 желтоқсан, 19:53

Фото: google.com

Продюсер Бари Алибасов Мәскеуде ауруханаға түсті. Бұл туралы оның PR директоры Вадим Горжанкин айтты.

«Бари Каримович кешке ауырып қалып, жедел жәрдем шақырды, оның қысымы өте төмен болды. Ауруханаға түсті. Егер бәрі жақсы болса, ол сенбіге дейін ауруханада болады», – деді Горжанкин.

Оның айтуынша, продюсердің денсаулығының нашарлауының себебі - «Виагра» препараты болуы мүмкін.

Бари Алибасов – ресейлік музыкант, композитор, музыкалық продюсер, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі. «Интеграл» және «На-на» музыкалық топтарының негізін қалаушы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации