Балуанның өмірі насихатталмақ

16 наурыз, 15:20

Фото: google.com

Отандық режиссер Қанағат Мұстафин Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы фильм таспалауды қолға алды.

Алматы, NEGE. Режиссер осыдан бірнеше жыл бұрын аты аталған фильмді түсіру керек болатын. Бірақ кинокартина кейінге қалдырылған еді.  Қазіргі таңда тарихи тұлғаның өмірбаяны суреттелетін туындының түсірілім жұмыстары қарқынды жүруде. Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіпқой балуанның бозбала кезіндегі көпшілікке беймәлім тұстары таспаға тартылмақ. Қажымұқанның толысқан шағын актер Дәулет Әбдіғапаров сомдайды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации