Ая Қалиева жұмбақ жағдайда қызметтен босатылды

18 ақпан, 19:06

Фото: facebook.com

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры директоры Ая Қалиева қызметінен босатылды.

Алматы, NEGE. «Бұйрық министрдің өзінен емес, жеке пошта мекенжайына хат түрінде келді. Мен алғыс сөзін айтып тұрғам жоқ, жеке адамды құрметтегендіктен ғана. (...) Мен мұндай жағдайды кез келген адамға қатысты әділетсіздік деп санаймын. Бүгін Еңбек кодексін бұзу туралы бұйрық алған кезде, бұл туралы ашық айтамын деп шештім. Менің келісім шартым ұзартылған, 2020 жылы ол шексіз мерзімге созылған болатын», – деді Ая Қалиева.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театры ұжымы бұл шешіммен келіспейді. Қызметкерлер Қалиеваны жақсы басшылардың бірі деп санайды. Оның театр директоры ретінде жұмыс істеген кезеңінде театр маңызды белестерді бағындырды. Бүгін, 18 ақпанда театр қызметкерлері басты сахнаға жиналып, Қалиеваға қолдау білдіріп, оның жұмыстан шығарылуына наразылық білдірді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации