«Арнау» тобының әншілері отбасымен бірге төбе көрсетпек

19 наурыз, 16:00

Фото: google.com

Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева өнер көрсететін «Арнау» дуэті жұмысын тоқтатқан еді. Енді қос әріптес топтың қайта жандануын қолға алды.

Алматы, NEGE.  «Арнау» тобы тыңдарманын жаңа бейнебаянмен қуантпақ. Жұбы жарасқан дуэт бұл жолы отбасылық туындыны таспалады. Жаңа әнбаянда Салтанаттың үш баласы мен өмірлік серігі кәсіпкер Нұржан төбе көрсетсе, Керменбаев қос құлыншағы мен жары Назеркені түсіруді жөн көрген.  Енді тың туынды алдағы уақытта көрерменге жол тартады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации