Арман Дәулетияров қайда кетті?

11 қаңтар, 18:29

Фото: google.com

MuzTV-ның бас директоры Арман Дәулетияров телеарнадан кетті. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. Арман Давлетьяров МУЗ-ТВ-да 2008 жылдан бастап жұмыс істейді, 2009 жылы арнаның музыкалық директоры және жыл сайынғы музыкалық сыйлықтың директоры болды. Ал бас директор қызметін 2013 жылдан бері атқарып келеді.

«Мен МУЗ-ТВ өзінің алғашқы қадамдарын жасай бастағанда арнада жұмыс істедім. Оның 25 жылының 20-сында бірге болдық, әртістер мен көрермендердің бірнеше буыны бізбен бірге өскеніне қуаныштымын. МУЗ-ТВ-дағы командама адалдығы мен кәсібилігі үшін рақмет. (...) Елу жылдық межеден өткеннен кейін, мен жайлы орыннан шығып, әрі қарай, жаңа мақсаттар мен жетістіктерге жету үшін өзіме қарсы шыққым келетінін түсіндім», – деді Давлетьяров.

Енді бас директор лауазымына ТНТ MUSIC және А-One телеарнасының бұрынғы бас директоры Захар Бибин тағайындалды.

Айта кетейік, 13-ші МУЗ-ТВ ұлттық сыйлығы 2015 жылдың 5 маусымында Қазақстанда «Астана Арена» стадионында өткен. Сол кезде ол алғаш рет Ресейден өзге елге шыққан.

Арман Давлетьяров - этникалық қазақ. Орынбор облысындағы Тамар-Уткуль деген шағын ауылда дүниеге келген. 2001 жылы ол өзінің «Музыкальное единство» атты продюсерлік компаниясын ашқан. А`Studio, «Динамит», Мұрат Насыров, Батырхан Шүкенов сияқты танымал музыкалық топтар мен әртістермен жұмыс істеген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации