Анар Батырхан карантин кезінде халықты бес пайдалы іс жасауға шақырды

19 наурыз, 17:30

Фото: google.com

Әнші әрі актриса Анар Батырхан жаңа челлендж жариялады.

Коронавирустың кесірінен карантинге тап болған халықтың көңілін басқа арнаға бұрғым келді деген блогер, құр даурықпай, уақытты тиімді пайдалануға шақырды.

Анар Батырхан, актриса: мен бұл бастаманы барша қазақстандықтарды уайымға салынбай, қауіпті дертті көңілдеріне алмай, үйдегі уақытты пайдалы өткізсе екен деген мақсатта ойластырдым. Мысалы бес кітап оқып немесе үйде отырған нәзік жандылар  түрлі тәтті тағамдар жасап, ютуб желісінен ерекше  ас пісіруді үйренсін деген ниетте челлендж  жарияладым. Жақсы ойлайық, тек жақсы сөз сөйлейік.

Бес кітап оқып, бес пайдалы ас дайындап үйреніп, бес фильм тамашалауды ұсынған актриса  халықты уайымға салынбай, көп адам шоғырланатын жерде жүрмеуге шақырды. Сонымен қатар ол үнемі жақсылықты ойлайық, елдің амандығын тілейік  дейді. Жаңа бастаманы қолға алған Анара Батырхан эстафетаны оқырмандары мен өнердегі әріптесіне жолдады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации