Алматылықтар «Алтын домбыра» иегерімен кездесті

14 ақпан, 15:36

Фото: instagram.com

Алматыда «Алтын домбыра» иегері Рүстем Қайыртайұлымен кездесу өтті.

Алматы, NEGE. Ел руханиятына сүбелі үлес қосқан танымал тұлғаның танымды әңгімесін тыңдап, айтыс өнерін тамашалау шараның басты мақсаты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен кездесу адамның рухани тұрғыда дамуына септігін тигізеді деп санайды ұйымдастырушылар.

«Біз айналысып жүрген айтыс деген дүние - рухани жаңғырудағы бел ортасындағы дүние. Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттаудан жалыққан емеспіз. Нағыз қазақи тұрғындар бұл Наурызбай ауданында. Жүрегі қазақ деп соғатын жандар деп айтсам болады», - деді  айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации