Әлемге әйгілі үздік музыканттар марапатталды

14 ақпан, 18:30

Фото:

Британдық «New Musical Express» басылымы шоу-бизнес өкілдерін бір сахнаға жинады. Журнал дәстүр бойынша, үздік музыканттарға жүлдесін табыстады.

Лауреаттар оқырманның дауыс беруі арқылы таңдалды. Марапаттың мүсіншесі - ортаңғы саусақ пішімінде. Ұйымдастырушылар бұны әділетсіз өтетін түрлі сайыстарға жауап деп түсіндіріп отыр.

Ал дәл осындай оғаш пішімдегі жүлдені бірінші болып иеленген  Тейлор Свифт. Бикешке «Әлемдегі ең үздік соло орындаушы» аталымы бұйырған.

Ал Lana Del Rey «Әлемдегі ең үздік альбом» иесі атанса, Billie Eilish «Bad Guy» трегімен «Әлемдегі ең үздік ән» жүлдесін еншіледі. Алайда, қос орындаушы да шараға қатыса алмады. Сондықтан, өнерпаздар алғыстарын видео арқылы жеткізген.

«Nirvana» тобының көшбасшысы Курт Кобейнның асыл жары да бұл кеште назарсыз қалмады. Актриса әрі рок-әнші Кортни Лавқа «Икона» марапаты табысталды. Бұл кештен құр алақан қайтқандар кемде-кем. Көңілді марапат шараға жиналған өнерпаздардың әндерімен жалғасын тапты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации