Әлемге әйгілі опера әншісі қауіпті індетті жұқтырды

26 наурыз, 21:38

Фото:

Танымал опера әншісі Пласидо Доминго қауіпті індетті жұқтырып алды. 

Алматы, NEGE. Өнер иесінің коронавируске тапсырған тест нәтижесінде  вирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы 79 жастағы Пласидо Доминго Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. Қазіргі таңда опера әншісі қажетті ем қабылдап жүр. Ал оның отбасы 14 күндік карантинге жатқызылды. Әртіс орын алған жағдайға қатысты қауіпті індеттен сақтану үшін қолды жиі жуып, үйден шықпауға кеңес берді. Одан бөлек, өнер иесі жергілікті билік өкілдерінің коронавируспен күрес мақсатында бекіткен ережелерге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации