Актриса Жарқынай Ханайым Аша Матайдың жеңгесі атанбақ

18 ақпан, 12:30

Фото: instagram.com

Жарқынай Ханайым Баян Мақсатқызының продюсерлік орталығында қызмет етеді. Бүгінде әнші әрі актриса ретінде көрерменге жақсы таныс. Бірнеше Отандық фильмде төбе көрсеткен ол болашақ жарын түсірілім алаңында жолықтырған.

Жарқынай Ханайым күні кеше Аша Матайдың ағасына тұрмысқа шығуға келісімін берді. Енді жас әнші Ашаның жеңгесі атанса, таң қалмаңыз. Осы уақытқа дейін жеке өмірін құпияда ұстап жүрген актриса болашақ жарын көпшілікке таныстыруды жөн санапты. Тойдың болар күні де алыс емес. Қос ғашықтың махаббат хикасы түсірілім алаңында басталған. Нақтырақ айтсақ, олар «Рауза» телехикасында танысып, көңіл жарастырған. Басты рөлді сомдаған өнерпаздар фильмде қосылмағанымен, шынайы өмірде қол ұстасып, шаңырақ көтермек.

Айта кетейік, Жарқынай Ханайымның болашақ жары Айдар Асқарбекті көпшілік Аша Матайдың ағасы ретінде таниды. Отандық фильмнен жиі көрініп жүрген 33 жастағы серінің негізгі мамандығы заңгер. Полиция капитаны қызметін атқарған. Бүгінде кино әлеміне түбігейлі бет бұрды.  Одан бөлек, Кешью тобының бейнебаянына да түсті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации