Ақындардың халықаралық айтысы өтеді

10 наурыз, 19:36

Фото: google.com

Семей қаласында ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай халықаралық ақындар айтысы ұйымдастырылады.

Алматы, NEGE.  «Өткен жылы хакімнің мерейтойына дайындалу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына абайтанушы ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері, журналистер, жоғары және арнайы орта оқу орындарының басшылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кірді. Жан-жақты талқылаудан кейін 200 шара өткізу жоспарланған», - дейді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина

Абайдың 175 жылдығы аясындағы ең ауқымды шаралар – халықаралық суретшілер пленэрі, ЮНЕСКО көлеміндегі ғылыми-практикалық конференция, «Ақылдың кені – данышпан» тақырыбындағы халықаралық айтыс өткізілмек.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации