Ақберен Елгезектің жаңа туындысы оқырманға жол тартады

11 наурыз, 18:10

Фото: google.com

2020 жылдың 14 наурыз күні сағат 15.00 де Алматы қаласындағы «Атакент молл» сауда үйінде белгілі ақын Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» атты проза жанрындағы тұңғыш кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Алматы, NEGE. Оқырмандардың сұрауы бойынша кітап болып басылып шыққан «Болмаған балалық шақ» повесті 2008 жылы жазылып, ғаламтор арқылы кеңінен тарап, бестселлерге айналған. Интернет желісінде жүргізілген сауалнама нәтижесінде «ХХІ ғасыр басындағы үздік 20 прозалық туынды» тізіміне енген.

Көпшілік оқырманға жете таныс шығарма арқылы автор еліміздегі меценаттар мен кәсіпкерлерді қайырымдылық жасауға шақырады. Яғни, кітаптан түскен қаржы әдебиетке бейімі бар жетім балаларды оқытуға жұмсалады.

Айта кетейік, А.Елгезектің «Көлеңкелер күбірі», «Ғаршы», «Шексіздік сыртындағы шам», «Fantasmagoria» атты жыр жинақтары жарық көрген. Өлеңдері ағылшын, француз, испан, араб, қытай, түрік, әзербайжан, қырғыз тілдеріне аударылып, көптеген антологияларға енген.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации