Айнұр Тұрсынбаева: көпбалалы аналар баспаналы болсын

20 ақпан, 21:15

Фото:

Айтыстың аққуы атанған  Айнұр Тұрсынбаева көпбалалы аналардың игілігіне қызмет жасамақ.

Алматы, NEGE. Айнұр Тұрсынбаева тағы бір  бастамаға мұрындық болып,  үлкен қайырымдылық қорын ашты.  Бұған дейін өзінің авторлық кітаптарын сатылымға қойып, ұтыс ойындарын өткізген айтыскер ақын  былтыр бас жүлдеге зәулім үйін тіккен болатын. Құны 100 миллион теңгелік баспанаға 5 балалы отбасы ие болған. Артынша ақын  тағы да кезекті  шара ұйымдастырып, 7 жанұяға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлаған еді. Енді  Айнұр ханым жуырда жарық көрген кітабын сату арқылы  тағы да 8 отбасын баспанамен қамтамасыз етпек ниетте.

Айта кетейік, Тұрсынбаева жақында мемлекет тарапынан лотерея ойындарын өткізуге тыйым салынады деген жарлыққа   қатысты пікір білдірді.  Лотерея ойнатудың харам екенін айтып, өзінің халыққа пайдасы бар игі іспен айналысып жүргенін жеткізді. Сондай-ақ биліктегі атқамінерлерге желі арқылы үндеу жасады.
«7-8 баласы бар аналар баспананы кезектен тыс алсын! Бәлен жылдан бері  үйдің кезегінде тұрған және ол кезегі жылжымайтын аналарды аяңыздар! Ұтысқа қатысу әркімнің өз еркіндігі. Ешкім-ешкімді қинап, болмаса ақшасын тартып алып жатқан жоқ»,- деген айтыскер, өзі ашқан қайырымдылық қоры арқылы баспанаға зәру жандарды пәтермен қамтамасыз етпек.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации