«Абай» қойылымы сахналанды

21 ақпан, 11:35

Фото: instagram.com

Қостанайдағы «Шаңырақ» жастар театры Мұхтар Әуезовтің «Абай» спектаклін сахналады.

Алматы, NEGE. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында сахналанған қойылымға әртістер төрт ай дайындалған. Спектакль ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ қоғамының бет бейнесін суреттейді. Ұлы ақынның дүниетанымы кеңіп, азаматтық пікірі қалыптасып, ел ісіне араласқан шағы, топтық талас-тартысқа өзіндік үн қосуы көрсетілген. Жас әртістер спектакль арқылы Абай рухының ұлылығын, талантының сан қырын ашып, көрерменге жеткізуді мақсат еткен.

Премьерманы жиналған көпшілік жылы қабылдады. Абай заманынан осы күнге дейін маңызын жоймаған қазақ қоғамындағы әлеуметтік тартыс кім-кімге де ой салады.

Айта кетейік, Қостанайдағы «Шаңырақ» жастар театрының құрылғанына биыл 20 жыл толды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации