Жер сілкінісінен 70-тен аса адам зардап шекті

25 ақпан, 10:03

Фото: facebook.com

Иранның Хой қаласында жер сілкінді. Салдарынан 70-тен астам адам зардап шеккен. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Алматы, NEGE. Қуаты 5,7 баллға тең зілзала Иран мен Түркия арасындағы шекаралық аймақта болған.

Сондықтан жерасты дүмпуі Түркияның Ван провинциясына да әсер еткен. Сөйтіп, осы елдің 9 тұрғыны мерт болып, 40-қа жуық азаматы жарақат алған.

Айта кетейік, зілзала таңғы уақытта тіркелген. Оның эпицентрі Тебриз қаласынан батысқа қарай 141 шақырым жерде болыпты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации