Президент Денсаулық сақтау министрін қызметінен қуды

01 сәуір, 18:16

Фото: centralasia.news

1 сәуір күні Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Алтынай Өмірбекова мен Денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпанбаев қызметінен босады. 

Алматы, NEGE. Бүгін Жогорку Кенеш екі маңызды қызметке ұсынылған кандидаттарды талқыға салады. Үкімет басшысы Мұхамедқали Абылғазиевтің сөзіне қарағанда, премьер-министрдің орынбасары  қызметіне – депутат Аида Исмаилова, Денсаулық сақтау министрінің орынтағына Сабыржан Абдикаримов ұсынылған.

Кейбір ақпарат құралдары екі шенеунік өз еркімен қызметінен босады деп жатыр. Алайда күні кеше ғана, 31 наурыз күні Қырғызстан билігінің шағын құрамда өткен отырысында президент Сооронбай Жээнбеков қауіпті індетке қарсы күреске жауапты тұлғаларды сынап, екі аяқтарын бір етікке тыққан.

24.kg порталының хабарлауынша, ел басшысы Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының зертханалық жұмыстарға уақтылы дайындалмағанын, зертханалардың медициналық жабдықтармен толық қамтылмағанын және сынама алуға арналған материалдардың жеткіліксіздігін, дәрігерлердің күнделікті жұмыс істеуіне қажетті жеке қорғаныс құралдарымен, автокөліктермен және басқа да қажетті құралдармен қамтамасыз етілмегенін айтып, ашу шақырған.

«Қаңтарда сіз барлық зертханаларымыз дайын деп мәлімдедіңіз. Бірақ бұл сөзіңіздің жалған екені белгілі болды. Тестілеуге арналған реагенттер жеткіліксіз. Уәде орындалмады», - деген еді  Жээнбеков Денсаулық сақтау министріне қарата. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации