Жапония төтенше жағдай жарияламақ

06 сәуір, 18:30

Фото: www.skyscrapercity.com

Жапонияда 8 сәуірден бастап төтенше жағдай режимі енгізіледі, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости агентігіне сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, үкімет басшысы Синдзо Абэ төтенше жағдай режимін ертең, сейсенбі күні жариялайды.

Ал шектеу шаралары сәрсенбіден бастап күшіне енеді. Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдай Токио мен Осакада жарияланады. Алайда төтенше жағдай режимін бұзғандардың қандай да бір жазаға тартылатыны туралы айтылмайды.

Басылымның мәліметінше, бүгінде Жапонияда коронавирус жұқтырғандардың саны 4,5 мың адамнан асқан, ал қайтыс болғандардың саны 104-ке жеткен.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации