Жаһанды дағдарыс пен індет жан алқымынан алуда

16 наурыз, 11:44

Фото: ғаламтордан

Әлемдегі орталық банктердің коронавирус әсеріне қарсы бірлесіп күресетіні туралы мәлімдемесіне қарамастан, Азиядағы қор нарықтары тағы да құлдырауда.

Алматы, NEGE. Жапонның Nikkei 225 индексі 0,2%-ға, гонконгтік Hang Seng 2,2%-ға, ал Қытайдағы ең ірі қор биржасы - Shanghai Composite 0,5%-ға төмендеген.

АҚШ-тың федералды қор жүйесі пайыздық үстемеақы мөлшерін нөлге дейін түсірді және қосымша 700 млрд доллар басып шығарды.

Инвесторлар орталық банктердің  қолға алған шаралары індеттің зардабын жоюға жеткілікті боларына сенбейді. Төтенше жағдай туралы жария болысымен  америкалық қор биржаларындағы болашақ тауар саудасы (фьючерстер) келісімшарттарының құны күрт құлдырап кетті.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации