Зеленскийдің өкілдігі Қырымға су беруге қарсы

07 наурыз, 14:57

Фото: eadaily.com/

Украина президенті Владимир Зеленскийдің Қырымдағы өкілдігі түбекке су беруді қалпына келтіруге қарсы шықты. Бұл туралы  өкілдіктің Facebook-тегі парақшасында жария болды.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Украинаның жаңа премьер-министрі Денис Шмыгаль Қырымға су беруді қалпына келтіру туралы бастама көтерген. Ол түбекте украин азаматтары тұратындықтан, бұл «гуманитарлық жауапкершілік жүктейтін мәселе» екенін айтқан болатын. Кейінірек үкімет басшысы Қырымды Украинаға қайтармайынша оған су жеткізудің техникалық жағынан мүмкін еместігін мәлімдеді. Украина Днепрден келетін Солтүстік Қырым арнасы арқылы Қырымның суға деген қажетінің 85 пайызын өтейтін. 2014 жылы түбек Ресей құрамына өткелі бері бұл арнамен су беру түбегейлі тоқтады. Зеленскийдің Қырымдағы өкілдігі түбекке су беруді қалпына келтіру Ресейге қатысты қысымның әлсіреуіне әкеледі деп санайды.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации