Вице-премьер вирус жұқтырды

26 наурыз, 14:11

Фото: facebook.com

Cәрсенбі күні Испания үкіметі вице-премьер Кармен Кальво COVID-19 вирусын жұқтырғанын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Сейсенбі күні К.Кальво коронавирусқа сынама тапсырған.

Бірінші тест індеттің жоқтығын көрсеткен. Бірақ дәрігерлер оны нақты қорытынды деп санауға болмайтынын айтқан.

Солай, вице-премьерден тест тағы бір рет алынып, ол оң болып шыққан.

Испания үкіметінің хабарлауынша, 63 жастағы Кармен Кальвоның жағдайы жақсы, барлық қажетті медициналық көмекті алуда.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации