Вице-министр дерт жұқтырды

17 наурыз, 12:00

Фото: reuters.com

Рейтер агенттігінің жазуынша, Бразилияның экономика вице-министрі Маркус Троиху вирус жұқтырып алған.

Алматы, NEGE. Ол АҚШ-тың Флорида қаласында президент Дональд Трамппен кездескен делегацияның құрамында болған. Троиху жиынға қатысқанымен, Трамп ұйымдастырған түскі асты ішпепті.

АҚШ-қа барған делегация құрамының 13 мүшесі коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұған дейін Бразилия президентінің баспасөз хатшысы Фабио Уайнгартнер де вирус жұқтырып алғаны белгілі болған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации