Вирусолог: індет екі жағдайда ғана тоқтайды

27 наурыз, 09:28

Фото: interfax.ru

Коронавирус эпидемиясының тоқтауы екі жағдайға ғана тәуелді. Әлемді құтқаратын үшінші жол жоқ, - дейді GMU жүйелік биология мектебінің (АҚШ) профессоры, биология ғылымдарының докторы Анча Баранова.

Алматы, NEGE. «Егер қандай да бір керемет жағдай орнап, эпидемия ауыздықталса, мен оны «биологиялық ғажайыпқа» балар едім. Яғни, биологтар індеттің емін тапты деген сөз. Екінші жағдай ауа-райына байланысты. Күн екі апта бойы ысыса, вирус әлсірейді.  Індеттің адамнан адамға жұғуы азаяды. Өйткені вирус күн сәулесінде «құрғай» бастайды, - дейді Баранова.

Профессордың айтуынша, бірінші жағдайдың әлем халқы үшін маңызы үлкен. Халықаралық денсаулық сақтау жүйесі қазір осы вирусқа қарсы вакцинаны жасап шығара алса, дүние жүзі жұртына екпе егу басталар еді.

«Осы екі жағдайдың бірі орнамаса, әлем жұртын құтқаратын үшінші жол жоқ. Үшінші жолдың болуы мүмкін де емес» дейді профессор.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации