Венгриядағы қазақстандықтан коронавирус табылды

17 наурыз, 14:49

Фото: nv.ua

Венгриядағы қазақстандықтан коронавирус табылған. 

Алматы, NEGE. «Қазақстанның Венгриядағы Елшілігіне біздің бір азаматшамыз Будапешт қаласында коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізілген медициналық талдаулардың нәтижелеріне сәйкес дәрігерлердің күдігі расталды. Қазіргі уақытта ҚР азаматының денсаулығы тұрақты, ол ауруханада емделуде. Аталған жағдай біздің дипломаттарымыздың ерекше бақылауында», - деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Венгрияда коронавирус жұқтырғандар саны 50-ге жеткен. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации