Денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырды

11 наурыз, 11:04

Фото: ғаламтордан алынды

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрінің орынбасары, депутат-консерватор Надин Дорриске коронавирус диагнозы қойылды.

Алматы.  NEGE. Британияда коронавирусқа қарсы стратегиясының авторларының бірі Доррис 6 наурыз күні өзін нашар сезіне бастаған. Алайда короновирус жұқтырғаны 10 наурызда белгілі болған. 

Осы уақыт аралығында ол денсаулық сақтау министрлігіндегі шенеуніктермен байланыста болған. Сол күні ол премьер-министр ұйымдастырған Даунинг-стрит шарасында болған. Енді олардың барлығы тексерістен өтеді. Доррис – коронавирус жұқтырған парламенттің алғашқы мүшесі.

Ол өзімен бірге тұратын 84 жастағы анасының денсаулығына алаңдаулы. 

Қазіргі таңда Доррис үй карантинінде жатыр. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации