Украинада коронавирустан алғашқы адам өлімі тіркелді

13 наурыз, 23:08

Фото: ukraina.ru

Украинада коронавирустан бірінші адам көз жұмды, деп хабарлайды Укринформ агенттігі.

Алматы, NEGE. Украинадағы Житомир облысының тұрғыны, 71 жастағы әйел қайтыс болған. Ол 12 наурыз күні аталмыш диагнозбен ауруханаға жатқызылған болатын. Қазіргі уақытта кейуанамен күнделікті қарым-қатынаста болған туыс-туғандары, жақындары дәрігерлердің бақылауына алынған. Бұл жайында Украина денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында мәлім еткен.

 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации