Украинада коронавирус тіркелді

03 наурыз, 16:37

Фото: armenpress.am

Украинада коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, деп хабарлайды РИА Новости. 

Алматы. NEGE. Бұл туралы денсалық сақтау министрінің орынбасары Виктор Ляшко мәлімдеген. Науқас қазір Черновцы облысында.

«Кеше сіздерге төрт адамда коронавирус жұқтырды деген күдік бар екенін айтқан болатынмын, бүгінде бір адамда вирус бары расталды», - деді Ляшко.

Ол коронавирус белгілерінің Италиядан келген отбасыдан байқалғанын айтады.

Ляшконың айтуынша, эпидемиологтар науқаспен байланыста болған адамдармен жұмыс істей бастады, мұндай адамдар көп емес.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации