Украинада карантин 22 маусымға дейін ұзартылды

22 мамыр, 13:52

Фото: rt-news

Украинаның Министрлер кабинеті коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында ел аумағындағы карантинді 22 маусымға дейін ұзарту және эпидемияға қарсы іс-шараларды біртіндеп жұмсарту туралы қаулыны жариялады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Укринформ агенттігі хабарлайды. Тиісті № 392 қаулы 20 мамыр күні қабылданған. Құжатта коронавирусты болдырмау үшін «бүкіл Украина аумағында 2020 жылдың 11 наурызында Украина Министрлер кабинетінің № 211 қаулысымен жарияланған карантинді ұзартып», оның мерзімін 22 мамырдан 22 маусымға дейін ұзарту қарастырылған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации