Украина: Қытайдан келетін азық-түлікті тұтынбау керек

24 ақпан, 15:36

Фото:

Украина Денсаулық сақтау министрлігі Новый Санжарда каранитинде жатқан адамдарға Қытайдан келетін азық-түлікті тұтынуға тыйым салды.

Алматы, NEGE. Министрлік өкілі Виктор Ляшко: «Карантинде жатқан адамдарға қытайлық азық-түлікті апармай-ақ қойған жөн. Себебі, олардың жағдайы қиындап кетуі мүмкін. Медициналық орталықта тамақ істейтін арнайы аспаздар бар» деп ескертті.

Айта кету керек, Қытайдан жеткізілген украиндық азаматтар уақытша Новый Санжардағы санаторийге жатқызылған еді. Тіпті, олардың келуіне Полтав облысының тұрғындары қарсы болған.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 79,3 мың адамға жетсе, оның 2527-сі көз жұмды, ал 25 мың науқас дерттен айықты.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации